Ауа райы • 01 Қыркүйек, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1 қыркүйекте 6 өңірде күн ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

Қазгидромет мәліметінше, 1 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.