«Тарифтерді жасанды түрде ұстап тұру желіден ажыратуларға, аварияларға және нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Монополиялық нарықтарда инвестицияларға айырбас ретінде жаңа тарифтік саясатқа көшу қажет. Желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін кем дегенде 15%-ға қысқарту қажет», деді Президент өз сөзінде.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы одан әрі монополиясыздандыру үшін институционалдық шешімдер қажет екенін атап өтті.
«Конгломерат» ұғымын заңнамалық деңгейде анықтау керек. Бір-бірімен байланысты нарық субъектілері экономикалық шоғырлануға рұқсат алуға міндетті», деді Мемлекет басшысы.