Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Президент денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыруды сынға алды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру жүйесін ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыруды сынға алды

«Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді», деді Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру жүйесін ретке келтіруді тапсырды.

«Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен», деді Президент.