Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Субсидия бөлуге бақылау күшейтіледі

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Субсидия бөлуге бақылау күшейтіледі

«Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес», деді Президент. 

Президент Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс екенін және бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек екенін атап өтті. 

«Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.