Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық берілді

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық берілді

«Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», деді Президент.

Бірақ  мұндай рақымшылық қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығына бірдей берілмейді.

«Әрине, рақымшылық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасап, билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасады деп айыпталғандарға әсер етпейді», деді ол.