Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілік күшейеді

9728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі ерекше назарға алынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілік күшейеді

«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады», деді Президент биылғы Жолдауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайтынын баса айтып, аталған қылмыстың жазасы күшейтілетінін жеткізді.

«Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет», деп қосты Мемлекет басшысы.