Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Конституцияда көзделген өзгерістер жыл соңына дейін аяқталады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституциялық реформада көзделген барлық институционалдық өзгерістерді жыл соңына дейін заңнамалық тұрғыдан аяқтау қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституцияда көзделген өзгерістер жыл соңына дейін аяқталады

Мемлекет басшысының айтуынша, саяси жаңғыру аясында елімізде парламентаризмнің дамуы басты орын алады. Ал жаңартылған Конституция әділ және ашық ойын ережелері бар саяси жүйенің мүлдем жаңа стандарттарын белгілейді.

«Саяси партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді. Партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша Парламент пен мәслихаттарды қалыптастырудың жаңа тетіктері жұмыс істей бастайды. Тұтастай алғанда, конституциялық реформада көзделген барлық институционалдық өзгерістерді жыл соңына дейін заңнамалық тұрғыдан аяқтау қажет. Олар саяси партиялар санының артуына алып келеді, саяси бәсекелестікті күшейтеді, халық қалаулыларының жаңа толқынының пайда болуына ықпал етеді. Ескі үлгілер бойынша сайланған өкілді органдар кезектен тыс сайлау циклынан өтіп, заңды түрде жаңаруы керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.