Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Қазақстанда мұғалімдердің құзыреттілігі артады

9245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі мамандығының тартымдылығын арттыру мәселесі әлі де өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мұғалімдердің құзыреттілігі артады

«Әділ Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдері шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Соңғы жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру үшін мемлекет көп жұмыс жасады. Алайда, бұл бағытта әлі де оң өзгерістер қажет», деп атап өтті Президент биылғы Жолдау барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, алда педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдау және педагог құзыреттілігінің шеңберін әзірлеу міндеті тұр.

«Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және ағылшын тілі пәндерін оқытуды күшейту маңызды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз сөзінде отандық жоғары оқу орындарының сапасы артуына қарай оларда оқу құны да өсетінін қоса айтты.

«Мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, олар ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100%-ға дейін сараланады. Оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен кредиттер де берілетін болады. Көрсетілген шаралар жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады», деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында,