Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысының тұрғынынан 100 келіден астам есірткі табылды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы тұрғынының көлігінен 100 келіден астам есірткі табылды, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының тұрғынынан 100 келіден астам есірткі табылды

Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

«Қарасора 2022» жедел алдын алу шарасы аясында күдіктілерді ұстау операциясы туралы толығырақ бөлімше бастығы Асылбек Әлмағамбетов хабарлады.

Полиция қызметкері 31 тамызда жедел іс-шаралар өткізу кезінде Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 107 шақырымында Lada Largus автокөлігін басқарған Қарабалық ауданының 46 жастағы тұрғын тоқтатқандарын айтты. Тінту барысында көліктің салонынан өсімдік тектес зат салынған үш қап табылған. Сараптама бұл заттың салмағы 100 келіден асатын кептірілген марихуана екенін көрсетті.

«Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде аталған есірткінің ірі партиясы облысқа еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілгені анықталды», деді Асылбек Әлмағамбетов.