Әлем • 01 Қыркүйек, 2022

«Лукойл» компаниясы директорлар кеңесінің басшысы қайтыс болды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Лукойл» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Равиль Маганов қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

«Лукойл» компаниясы директорлар кеңесінің басшысы қайтыс болды

«Лукойл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Равиль Магановтың ауыр науқастан кейін қайтыс болғанын қайғырып хабарлаймыз. Равиль Ульфатович компанияның дамуына ғана емес, бүкіл Ресейдің мұнай-газ саласының дамуына үлес қосты», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бір күн бұрын Мәскеудегі Маршал Тимошенко көшесіндегі Орталық клиникалық аурухана ғимаратының жанынан Равиль Магановтың мәйіті табылған болатын. Топ-менеджер алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен деген болжам бар.

67 жастағы Маганов «Лукойл» компаниясында 1993 жылдан бері вице-президент болып жұмыс істеген. 2006 жылы «Лукойл» компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті болды. Ол 2020 жылдан бері директорлар кеңесін басқарды.