Әдебиет • 02 Қыркүйек, 2022

«Алты Алаштан сөз оздырған»

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, публицист Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Алты Алаштан сөз оздырған» атты әдеби-сазды кеш өтті.

«Алты Алаштан сөз оздырған»

Мәдени жиын барысында Жетісу облысының әкімі Бей­біт Исабаев ақынның шығар­машылығына қатысты жаңа­лықтармен бөлісті.

«Жетісудағы Ешкіөлмес тауының баурайында дүниеге келіп, дүйім халықтың парасат­ты перзентіне айналған өнер иесінің рухани мұрасы – бар­шаға ортақ қазына. Ақынның лирикалық поэзиясы, отаншыл­дық рухтағы жырлары, көркем аудар­мадағы шеберлігі, жырау Жамбыл Жабаевтың шығар­машылығындағы рөлі, жур­налистік жолы – жалпы қазақ руханиятына қосқан үлесінің қай-қайсысы да жеке-дара бөліп айтуға лайық ересен еңбек.

Биылғы мерейлі жыл аясында облыс әкімдігі Ғали Орма­новтың Лев Толстойдан аударған «Анна Каренина» ро­манының 2 томдығын басып шығаруға қолдау көрсетіп отыр. Бұл қазақ әдебиетіне, ақынның шығар­машылық жолын наси­хаттауға қосқан азғантай үлес болмақ. Бүгінгі кеш осы ғибрат­ты бас­тамалардың жалғасы деп бі­лемін», деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, рухани іс-шара Ғали Ормановтың шығар­­ма­шы­лығымен кеңінен танысу және ғибратты ғұмырынан өне­ге алу мақсатында ұйымдас­ты­рылды. Әдеби кешке елор­далық зия­лы қауым мен оқыр­мандар қатысты.