Спорт • 02 Қыркүйек, 2022

Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

198 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Орта салмақта күш сынасып жүрген 29 жастағы Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша толыққұқылы әлем чемпионы атанғаны кеше ғана. Соған қарамастан қазірдің өзінде оның иелігіндегі алтын белбеу үшін таласуға ниет білдіріп жатқан жуан жұдырықты жігіттердің қарасы көбейе түсуде. Солардың арасында бразилиялық Эскива Фалькао да бар.

Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

32 жастағы Витория қаласы­ның тумасы әуесқой рингте де елеулі табыстарға қол жеткізді. Ол 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленсе, 2012 жылы Лон­дон­да алауы тұтанған Олимпия ойындарында күміске қол созды. Эскива алғашында 81 кило салмақ дәрежесінде сайысқа түс­се, одан кейін 75 килоға ауыс­ты. Қап тауының бөктерінде Бра­зилияның беткеұстары біз­дің Данабек Сужановты сан соқ­тырғаны да есімізде. Бір қызығы, жоғарыда аталған жарыстың екеуінде де Фалькао осыдан бірер ай бұрын ғана біздің Ген­надий Головкиннен таяқ жеген Жапонияның жұлдызы Рета Му­ратаға есе жіберді.

Оңтүстік Американың оғ­ланы 2014 жылдан бері кәсіп­қойлар арасында күш сынасып жүр. Сол аралықта бірде-бір рет жеңілген емес. 28 қарсыласының 20-сын нокаутқа жіберді. Міне, дәл сол саңлақ күні кеше ғана Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды. Қазақтың қайсар ұлының да жауабы көп күт­тірген жоқ. Ол: «Ме­німен ай­қасқың келсе, әуелі чем­пион­­­­­­дық белбеудің бірін иелен. Со­­­дан кейін ғана сөйле­семіз. Се­ні сыйлаймын, бірақ еш­қан­дай атақ-даңқы жоқ бокс­шымен жұдырықтасу мені еш қызықтырмайды. Дәл қазір маған керегі – Чар­ло мен «Ка­нело», деп ба­тыл мәлімдеме жасады.

Жуық арада мексикалық Сауль Альва­рес­тің Жәнібекпен жек­пе-жекке шы­­­ға қоюы екі­талай. Өйткені бұл күн­дері «Ка­нело» 17 қыр­күйекте Лас-Ве­гаста Қазақ­стан­ның ең бел­ді бокс­шысы Ген­надий Голов­кинмен болатын айқасқа қызу даярлануда. Сол кездесуден кейін оның біраз уақыт бойы тынығатыны анық. Ал бұл күн­дері WBC нұсқасы бойын­ша чемпиондық белбеуді иеленіп отыр­ған Джермалл Чарло ке­лісуі әбден мүмкін. Ал ол жа­йын­да біз не білеміз?

Джермалл 32 жаста. Ол 1990 жылдың 19 мамырында АҚШ-тың Техас штатына қарасты Ричмонд қаласында дүниеге келді. 18 жасында кәсіпқой бокс­қа ауысқан дарынды жігіт 2008 жылдың күзінде өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді. Сол кезден бері 32 мәрте шаршы алаңға көтеріліп, барлық бәсекеде же­­ңіске жетті. 22 қарсыласын но­­каутқа жіберді. Чарлодан таяқ жегендер арасында Уго Сен­­тено, Антуан Смит, Ленни Боттай, Корнелиус Бандрейдж, Остин Траут, Джулиан Уильямс, Матвей Коробов, Деннис Хоган, Сергей Деревянченко және тағы басқа танымал былғары қол­ғап шеберлері бар. Соңғы рет Чарло үстіміздегі жылдың 18 мау­сымында польшалық Мацей Сулейцкиді сан соқтырды. Ке­зінде ол бірінші орта салмақта IBF нұсқасының теңдессізі деп те танылған еді.

Джермаллдың егізі Джер­мелл Чарлоның да мықты бокс­шы екенін жанкүйер жақ­сы біледі. 15 жасында Жасөспірім­дердің дүниежүзілік олимпиа­дасында қола медаль иеленген ол 2007 жылдың аяғында кәсіпқой рингтегі тұсаукесер кездесуін өткізді. Сол 15 жыл аралығында 37 рет шаршы алаңға көтеріліп, 35 рет жеңіс тойын тойлады. 19 қарсыласын есінен тандырды. Iron Man («Темір адам») деген жанама есімді ие­­ленген Джермелл тек бір рет қа­на жеңілістің кермек дәмін татты. 2018 жылдың жел­тоқсан айында өзінің отандасы Тони Харрисонға ұпай са­ны­мен есе жіберсе, былтыр жаз­да аргентиналық Брайан Кас­таньомен тең түсті. Қазіргі кезде АҚШ боксшысы бірінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанып отыр. Егер де Джермеллдің салмағы сәл ауырласа, келешекте ол Әлім­хан­ұлына қарсылас атануы да әбден мүмкін.

Қазіргі кезде «Жә­нібек Әлім­­­ханұлы өз ата­ғын қай кез­де қор­ғайды?» деген сауал көп­­­­­шілікті қы­­зық­­­тыруда. Ол жағын дәл бү­­гін ешкім дөп ба­сып ай­та ал­май­ды. Десек те кей­бір дерек көз­де­­ріне сүйен­сек, қан­­дасымыз қа­раша айында чем­­пион­дық бел­беуін қорғау үшін жекпе-жекке шы­ғуы бек мүм­кін. Оның қар­сыластары ре­тінде жоғарыда біз сөз еткен Эскива Фалькаодан бөлек, мек­сикалық Хайме Мун­гия мен ұлы­британиялық Крис Юбэнктің де есімдері аталуда. Бұл боксшылардың үшеуі де әлемдік рейтингте алғашқы үш­тіктің қатарында. Мәселен, келесі айда 26 жасқа толғалы отыр­ған Мунгия осы күнге дейін адам баласынан жеңілген емес. Ол 40 бәсекенің 32-сін мер­­­зімінен бұрын аяқтады. 33 жастағы Юбенк 34 кездесудің тек екеуін­де ғана ұтылды. 23 ай­қаста айқын басымдық танытты. Осылардың қайсысымен жо­лықса да, қазақтың ұлы на­мыс­­ты қолдан бермейтіні анық. Сол себепті де біз алдағы уа­қыт­та Жәнібектің жарқын же­ңіс­теріне талай мәрте куә бо­ламыз-ау деп үміттенеміз.