Жолдауда айтылғандай мен үшін таяуда өткізілетін кезектен тыс Президент сайлауы болатыны күтпеген жаңалық болды. Бұл – үлкен іс. Бұл сайлаудың сәтті өтуіне тілектеспін және ойдағыдай өтетініне сенімім мол. Және бұл жаңалықты міндетті түрде жуық арада Бразилия үкіметіне жеткіземін. Бразилия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алғашқы күндерінен бастап тығыз әрі жақсы қарым-қатынас қалыптасты.
«Қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында кезектен тыс сайлау өткізу дұрыс па?» деп сұрақ қойып жатыр БАҚ өкілдері. Әр мемлекет басшысы үшін өз еліндегі жағдай белгілі, сондықтан егер Президент мұны дұрыс деп шешсе, қолдау қажет. Мен дұрыс деп айтар едім. Бұл маңызды оқиғаның нәтижесін барлығымыз бірге көреміз деп сенемін.
Бүгінде Қазақстан халқының басым бөлігін жастар құрайды. Жалпы, Жолдауда айтылған барлық мәлімдеме халыққа сенім береді, ұзақ өмір сүруге ұмтылдырады. Қазақстан мен Бразилия арасындағы байланысты айтар болсам, бұл бағытта біздің елге әлі де көптеген іс атқару қажет. Ал Қазақстанның Бразилияда біршама инвестициясы бар. Бізге бірлескен бизнес саласын дамыту қажет. Қазіргі кезде Қазақстанда Бразилияның елшілігі мен бірқатар кеңсесі орналасқан, алайда бізге бразилиялық компаниялардың үлесін арттыру маңызды.
Рубем КОРРЕА БАРБОЗА,
Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі