Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді. Олар финалда доданың 1-ракеткалары, ресейліктер Амина Аншба - Софья Лансеремен бас жүлдені сарапқа салды. Финалға сай тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:4), 5:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Құламбаева жұптық сында өзінің спорттық жолындағы 18-титулына қол жеткізді.
Жібектің Алматы жарысының абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол ертең жекелей сында да финалдық матчын өткізеді.