Онда азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары жиналып жатыр.
Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.
«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын. Біз қостанайлықтармен біргеміз!», деді ол.
Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пункттеріне келіп түсуде.