Спорт • 05 Қыркүйек, 2022

Чемпионат басталды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігі басталды. Биылғы маусымдағы өзінің алғашқы ойынын Нұр-Сұлтанның «Барысы» Минскіде жергілікті «Динамоға» қарсы өткізді.

Чемпионат басталды

Кездесуді алаң иелері қарқынды бастады. 9-минутта Дмитрий Соколов және 22-минутта Ник Меркли қатарынан екі шайбаны біздің қақпаға енгізді. Бұл жағдай жерлестеріміздің жігерін жасыта алған жоқ. 37 және 42-минуттарда мергендік танытқан Антон Сагадеев таразы басын теңестірсе, 47-минутта Кәрім Бекетаев нысананы дәл көздеп, «Барысты» алға шығарды. Бірақ өздеріне тиімді есепті қонақтар ұстап тұра алмады. Бәсекенің аяқталуына сәл ғана уақыт қалғанда Брэндон Козун гол соғып, жергілікті көрермендерді қуантты. Овертаймда таблодағы есеп өзгерген жоқ. Ал буллит соғу барысында «Динамоның» жолы болды – 4:3.

Өзінің келесі ойынын «Барыс» 5 қыр­күйекте Санкт-Петербургте СКА-ға қарсы өткізеді. Арада екі күн өткеннен соң Бала­шихаға аттанып, «Витязь» клубымен күш сынасамыз. 9 қыркүйекте Сочиге сапар шегеміз. Ал одан кейінгі кездесулер Нұр-Сұл­танда өтеді.