Спорт • 05 Қыркүйек, 2022

Лопес мәреге екінші жетті

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велошабандоздардың «Вуэльта» көп­­күндігінің 14-кезеңі Испанияның Кор­дова өлкесіндегі Монторо елді ме­ке­ні­нен бастау алып, Сьерра-де-ла-Пан­де­рада өз мәресіне жетті.

Лопес мәреге екінші жетті

160,3 шақырымдық таулы аймақта өткен бәсекеде мәреге 4 сағат 09 минут 27 секундта жеткен Ұлыбританияның INEOS Grenadiers клубының белді мүшесі, 29 жастағы эквадорлық Ричард Карапас бірінші орынды иеленді. Одан сәл ғана қалып қойған Мигель Анхель Лопес екінші сатыға жайғасты. Бұл – «Астананың» сапындағы колумбиялық легионердің осы жарыстағы ең үздік нәтижесі. Соның арқасында ол жалпы есепте алтыншы орынға көтерілді. Словениялық Примож Роглич (Jumbo-Visma) үшінші сатыға тұрақтады.

Жалпы есепте бельгиялық Ремко Эве­непул (Quick-Step Alpha Vinyl Team) әлі де алдыңғы орында. Оның уақыты – 52:21:33. Оны Примож Роглич пен испаниялық Энрик Мас (Movistar Team) өкшелеп келеді.