Спорт • 05 Қыркүйек, 2022

Марияның мерейі үстем

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ескек есуден Мажарстанда өтіп жат­қан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Мария Бровкова сәтті өнер көрсетуде.

Марияның мерейі үстем

Бір адамдық каноэшылардың 1 000 метр қашықтығында жерлесіміз алдына жан салған жоқ. Оның уақыты – 4:35.69. Сөйтіп, Марияның есімі есек есудің осы түрі бойынша әлем чемпионы атанған тұң­ғыш қазақстандық спортшы ретінде тарихта қалды. Екінші және үшінші орындарды мажарстандық Панна Гьер мен порту­галия­лық Беатрис Фернандес иеленді.

Отандасымыз осы табысымен ғана шек­теліп қалған жоқ. Одан кейін Бровкова 500 метрлік қашықтықта сайысқа түсті. Бұл жолы Мария қола медальды қоржынға салды.