Ауа райы • 05 Қыркүйек, 2022

Бүгін бірқатар өңірде жаңбыр жауады

2251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін бірқатар өңірде жаңбыр жауады

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батыс жартысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал Абай облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.   

Күндіз Жетісу, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қатты ыстық сақталады.