Әлем • 05 Қыркүйек, 2022

Қытайдағы жер сілкінісінен 21 адам қайтыс болды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қыркүйекте сағат 12:52-де Сычуандағы Ганзи префектурасындағы Лудин уезінде 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. Ошақтың тереңдігі 16 шақырымды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдағы жер сілкінісінен 21 адам қайтыс болды

Жер сілкінісі салдарынан 21 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚХР Орталық телевидениесі хабар таратты.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Сычуань электр желісі жер сілкінісінен ажыратылып, 3 негізгі трансформатор зақымдалғанын хабарлады. Соның салдарынан 40 000 тұрғын жарықсыз қалды.

Сычуанидің мемлекеттік электр желілік компаниясы құтқару жұмыстарына кірісті. Авариялық-құтқару жұмыстарына 200-ден астам техника жұмылдырылды.