Президент • 05 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы волонтерлерге алғыс білдірді

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созған еріктілерге алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы волонтерлерге алғыс білдірді

«Еріктілерге үлкен алғыс. Сіздер біздің мемлекетіміздің нағыз азаматтарысыздар. Сіздер нағыз патриотсыздар. Мен сіздерді мақтан тұтамын!», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ зардап шеккендерге арналған тұрғын үй мәселелерін шешуде мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетілетінін айтты.