Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады», дей келіп, осы мақсатта жаңа Бюджет кодексі мен «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдау қажеттігін айтты.
Президент көпшіліктің, әсіресе мемлекеттік қызметшілер мен мердігерлік ұйымдар басшыларының көкейлерінде көптен жүрген маңызды мәселені дөп басып, оның бірден-бір дұрыс шешімін ұсынды. Себебі талай мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік тапсырысты орындаушы кәсіпкер жыл соңында бөлінген қаржыны толық игере алмай, оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес қазынаға қайтармау үшін жалған акт жасап, құқық бұзуға мәжбүр болып жүргені белгілі. Бұған өз басым ертеректе облыстық Тәртіптік кеңестің мүшесі ретінде көз жеткізгенмін. Тіпті кейбір мемлекеттік қызметшіге қиянат жасағанымыздай болып көрініп, әлі күнге жадымыздан шықпайтын жайлар да бар.
Соның бір мысалы – Қызылжар мен Көкшетау өңіріне белгілі атбегі Ермек Махатов. Ол ұзақ уақыт аудандық ішкі істер бөлімін басқарып, полиция подполковнигі шенін алып, зейнетке шыққан соң үйінде қол қусырып отыра алмай, конкурс арқылы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары қызметіне орналасқан. Бұл жауапты қызметін де бірнеше жыл бойы абыроймен атқарып, басшы кадрлар тұрақтай қоймайтын шалғайдағы ауданның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген еді. Ойламаған жерден бір күні облыстық Тәртіптік кеңестің «кілеміне» шақырылып, әртүрлі кінә тағылған мемлекеттік қызметшілердің қатарына қосылып, алдымызда қабағы түсіп тұрды.
– Облыстың ең алыс ауданында қызмет істеп жүрсек те, тозығы жеткен ескі көлік мініп, қиыншылық көріп келеміз. Соған орай былтырғы 18 қарашада болған аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен өзім негізгі қызметіме қоса басқарып отырған аудандық құрылыс бөліміне жаңа автомобиль сатып алуға 2 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы шотымызға түскен соң 5 желтоқсанда мемлекеттік сатып алу порталына баға ұсыныстары әдісі бойынша жеңіл автомобиль сатып алу туралы конкурс жарияладық. Оның жеңімпазы болып, 1 миллион 971мың 200 теңге баға ұсынған дара кәсіпкер танылды. Оның астанада тұратын басшысымен 12 желтоқсанда екіжақты келісімшарт жасастық. Онда кәсіпкердің «Лада 21214» маркалы автомобильді 31 желтоқсанға дейін жеткізіп беретіні атап көрсетілді. Ол бізге шот-фактураға қоса, жазбаша кепілдік хатын да тапсырды. Соған сеніп, қазынашылық органы арқылы төлем жасалатын соңғы күн – 28 желтоқсанда автомобиль сатып алуға бөлінген қаржының келісімшартта көрсетілген сомасын дара кәсіпкердің шотына аударып жібердік. Алайда ол сөзінде тұрмады. Уағдаласқан мерзімде көлік қолымызға тимеген соң, өзіміз дабыл қағып, прокуратура мен қаржы полициясы органдарына шағымдандық. Сондай-ақ астананың мамандандырылған экономикалық сотына жүгініп, дара кәсіпкерден аударған қаржымызды өндіріп алу туралы шешімді де алдық. Біздің ешқандай бөтен ойымыз болған жоқ. Жыл соңында бөлінген ақшаны уақтылы игермесек, ол сома бюджетке қайтарылып алынатындықтан, осылай істеуге мәжбүр болдық... – деп ақталған-тұғын Ермек Махатов.
Әрине, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң бойынша оның қолға тимеген тауар үшін толық ақы төлеуге хақысы жоқ еді. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзу болып саналады. Соған орай біз, облыстық Тәртіптік кеңес мүшелері, прокуратураның ұсынымымен келісіп, Ермек Махатовты атқарып жүрген қызметінен босату туралы шешімді қинала қабылдағанбыз.
Енді, міне, Мемлекет басшысы осындай қисынсыз заңнан туындайтын әділетсіздікті болдырмау жолын тауып беріп отыр. Бұл елімізде жыл соңында тым көбейіп кететін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санын әлдеқайда азайта түсері даусыз.
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:45
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Бүгін, 12:18
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Бүгін, 11:53
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елімізде 500 мыңға жуық бала ұшақпен тегін ұша алады
Қоғам • Кеше
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды
Аймақтар • Кеше
TikTok-та Ақорданың ресми аккаунты пайда болды
Қоғам • Кеше
Қаржы • Кеше
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Әлем • Кеше
Өткен жылы Қазақстанға 610 мың шетелдік турист келген
Туризм • Кеше
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар