Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Әскерилердің көмегі

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсы­лықов­тың нұсқауы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері Қостанай облысындағы өртті оқшаулау жөніндегі іс-шараларға тартылды.

Әскерилердің көмегі

Өрт болған жерге бірінші бо­лып елордадан әскери-кө­лік авиа­­циясымен 120-дан ас­там десантшы, сондай-ақ ха­лық­ты эва­куациялауға көмек көр­се­те­тін жергілікті аумақтық қор­ға­ныс бригадасының тұрақты құрамының 45 әскери қызметшісі келді.

Өртті жоюға көптеген мамандар мен әскери техника тар­тылды. «Шығыс» өңірлік қол­бас­шылығынан 31 бірлік арнайы техника мен 38 әскери қыз­метші жіберілді. Қостанай об­лысына «Астана» өңірлік қол­бас­шы­лығынан шамамен 10 арнайы техника жөнелтілді.

Әскери-әуе күштері материал­дық құралдар мен жеке құрамды дағдарыс ауданына ауыстыру үшін әскери-көлік авиациясын, сондай-ақ арнайы аспадағы өрт сөн­діру жүйелері бар 4 көлік­тік-жауынгерлік тікұшақты жұмылдырды.

Қарулы Күштердің бөлім­шелері жедел штабпен тұрақты бай­ланыста болады.