Спорт • 06 Қыркүйек, 2022

Лопес мәреге үшінші келді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велошабандоздардың «Вуэльта» көп­күн­дігінің 15 кезеңі Пиреней түбе­гінің оң­түстігіндегі Мартос пен Сьерра-Не­вада деп аталатын таулы аймақ­тар­да өтті.

Лопес мәреге үшінші келді

Кеше ғана екінші орын алып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантқан «Астананың» серкесі Мигель Анхель Лопес бұл жолы да жақсы өнер көрсетті. Осы кезеңнің жеңімпазы Тимен Аренсманнан 1 минут 15 секунд қалып қойған ол үшінші сатыға жайғасты. Немістердің Team DSM клубының намысын қорғап жүр­ген 22 жастағы Нидерландтың жас жұлдызы 149,6 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 17 минут 17 секундта жүріп өтті. Екінші орынды Испанияның Movistar Team ұжымының оғланы, германиялық Энрик Мас иеленді.

Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз. Бель­гиялық Ремко Эвенепул (Quick-Step Alpha Vinyl Team), словениялық Примож Роглич (Jumbo-Visma) және Энрик Мас (Movistar Team) үздік үштіктің санатында. Мигель Ан­хель Лопес әлі де алтыншы орынға табан тіреп тұр.