Ауа райы • 06 Қыркүйек, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 6 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Күндіз Жетісу, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде қатты ыстық болуы ықтимал.