Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Алматыда автобус өртенді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қоғамдық көлік рейс кезінде өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда автобус өртенді

Оқиға бүгін таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

Шамамен 8.00-де куәгерлер осы қиылыстан шыға бастаған қою қара түтін туралы хабарлаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы пайда болды. Өрт қалалық №38 автобустан шыққан.

Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

«Өрттің неден шыққанын анықтап жатырмыз. Толық ақпаратты кейінірек береміз», деді қалалық басқармадан.