Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

«Тунадан Орхонға жібек жолы раллиі» Қазақстанға келеді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен «Шығыс Батыс достық және бейбітшілік раллиі» қауымдастығы елдер арасында мәдени байланыстарды арттыру мақсатында «Тунадан Орхонға жібек жолы раллиі» атты жобаны қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тунадан Орхонға жібек жолы раллиі» Қазақстанға келеді

Бұл жобаға Түркияның сыртқы істер министрлігі, мәдениет және туризм министрлігі, Еуропа Одағының басшылығы жан жақты қолдау көрсетті.с

Халықаралық жоба Түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай басталуы керек болатын. Алайда пандемияға байланысты  кейінге шегерілді.

Раллиге қатысушылар көліктеріне түркі мемлекеттерінің туларын жабыстырып, барған елдерінде түркі әлемі туралы  ақпарат беруде.с

Мажарстан астанасы Будапештте басталған шара Түркия, Грузия, Әзербайжанда жалғасты. Жоба қатысушылары Бейнеу порты арқылы қазақ жеріне ат басын бұрып, 7 қыркүйек күні Түркістан қаласына келеді. Кейін Өзбекстанға барып, Қырғыз жерінде мәреге жетеді.с

Айта кету керек, алғашқы рет өткізіліп отырған раллиге қатысушылар жалпы көлемі 9100 шақырым жол жүреді.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35