Өнер • 06 Қыркүйек, 2022

«Арбамен» келген суреттер

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде TAMYR шығармашылық тобының «Арба» көрмесі ашылды. Іс-шараға мәдениет және қоғам қайраткерлері, танымал суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Арбамен» келген суреттер

TAMYR шығармашылық тобын Шымкент қаласы мен Түркістан облысының суретшілері құрды. Кейін бірлестік құрамына Ресей мен Қырғызстан суретшілері қосылып, халықаралық мәртебеге ие болды.

Айта кетейік, бұл – суретшілердің Ұлттық музейдегі екінші көрмесі. Биыл қылқалам шеберлері тың туындыларын ұсынумен қатар музеймен бірлесіп, бейнелеу өнерінің қазіргі жағдайын талқылап, дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Суретші Сұлтан Иляев шығарма­шы­лық бірлестіктердің өнердің да­муына қосатын үлесі туралы сөз қоз­ғады.

«Елімізде шығармашылық бір­лес­тіктер туралы заң қабылданып, олар ресми статусқа ие болса, бар­лық суретшілер «жалғыздың үні шық­пас» демекші, бірлестік аясында қыз­мет етіп, көрме ұйымдастыру, кон­курстық іріктеуден өту сынды көп­теген мәселені шешуде ұйым тарапынан қолдау табар еді», деді ол.

Мәселен, кейбір суретшілер күнкөріс қамы үшін тәуір туындыларын аз ақшаға сатуға мәжбүр. Соны­мен қатар «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» заманда сапасы төмен жұмыстарды көркемсурет өнерінің шыңы деп ұсынатындар да жоқ емес.

Кезінде мүсінші Еркін Мергенов КСРО Суретшілер одағының жұмы­сын үлгі етіп, қылқалам шеберлерін бірік­тіріп, қолдау көрсету керектігін айтқан еді. Сол кездегі жүйелі қол­дау­дың нәтижесінде белгілі елу қа­зақ суретшісі дүниеге келген еді.

TAMYR тобының мүше­лері Ұлттық музейге көрме ұйымдас­ты­руға қолдау көрсеткені үшін алғыс­­тарын айтып, екі тарап ынтымақ­тастық пен серіктестікті бекіту мен нығайту мақсатында меморандумға қол қою керектігін айтты.