Аталған жарыстың жекелген бәсекесінде Аружан Сағындықова өнер көрсетті. Іріктеу сынынан сүрінбей өткен 17 жасар қазақ қызы алғашқы айналымда Лив Ховдемен шеберлік байқасты. АҚШ-тың аса дарынды ойыншысы биыл жасөспірімдердің Уимблдон турнирінің финалына дейін жетті. Сонымен қатар Лив басқа да жарыстарда елеулі табыстарға қол жеткізді. Осының барлығын елеген ұйымдастырушылар Ховдеге Нью-Йорктегі додаға қатысуына Wild Card (WC) берген еді. Бірақ тұсаукесер кездесуде ол өзінен әлдеқайда тәжірибелі Қытай теннисшісі Ван Цзяннан ұтылды.
Небәрі 56 минутқа созылған Сағындықова мен Ховде арасындағы тартыс 6:1, 6:3 есебімен америкалық ойыншының пайдасына шешілді.