Кино • 07 Қыркүйек, 2022

«Ағайындылар» фильмі Германияда көрсетіледі

739 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ киносы тағы да әлем сарапшылары назарында. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» дебюттік толықметрлі фильмі қыркүйек айының 14-18-і аралығында өтетін Германияның Oldenburg International Film Festival-іне қатысады. Бұл туралы киноиндустрияның жетекші әлемдік басылымы Hollywood Reporter хабарлады.

«Ағайындылар» фильмі Германияда көрсетіледі

Олденбургтегі халықаралық тә­уелсіз кино фестивалі – әлемдегі же­текші инди фестивальдердің бі­рі, оны «Еуропалық Санданс» деп те атайды. Айтулы кинофо­рум бү­­кіл әлем­нің тәуелсіз кинемато­гра­фис­терінің шығармашылығын қол­дауға бағытталған.

«Олденбургтегі фестивальде рес­ми конкурстық бағдарлама жоқ, дегенмен жүлделер мен премьералар бар. Мұнда бастысы – бәсекелестік емес, тәжірибе алмасу. Фестивальге бір қатысқан үміткерлер бізге қайта- қай­та оралғысы келіп тұрады», – дей­ді фестиваль директоры Торстен Ной­ман.

«Ағайындылар» фильмі балалар үйі түлегінің өмірі туралы баяндайды. Бас кейіпкер Ақжол қылмыстық әлемге тартылып, інісінің бар екенін білмейді. Ағайынды қос жігіт кездес­кен соң отбасын табуға үміттеніп, әкесін іздей бастайды…

Дархан Төлегенов ағайынды екі жігіттің тағдыры бір-бірімен тамаша ұштасатын фильмді түсіру идеясы шынайы өмірден туындағанын айтады: «Өзімнің де туған інім бар. Яғни мен жай ғана осы тақырыпта ойланып, толғандым: егер бір-бірінің бар екенінен бейхабар ағайындар кездесіп, ортақ болашаққа үміт артса ше? Міне, осы тақырыпта фильм тү­сір­гім келді», – деп сыр ашты режиссер.

Басты рөлдерде Әлішер Исмаи­­лов, Айбар Салы және Азат Жұ­ма­діл ойнаған картина түсіріліміне негі­зінен кәсіби мамандар тобы атса­лысты. Атап айтсақ, сценарист Ален Рах­­металиев, продюсер Максим Ак­­­баров, қоюшы оператор Шерхан Таң­­сықбаев, қоюшы суретші Бағ­дат Қо­жахметов бастаған команда «Ағайын­дылардың» көрермен жүре­­гіне жету жолында тер төксе, фильм­ге музыканы композитор Абай Абаев жазған болатын.

Туындыны келесі жылдың басында отандық прокатқа шығару жоспарланып отыр.