14 Мамыр, 2014

24 сағат

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
*Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Оль­мерт кеше парақорлығы үшін алты жылға бас бос­тан­ды­ғынан айырылды. Тель-Авив соты оған мұндай жазаны Иерусалим мэрі болып тұрған кезінде тұрғын үй салу­шылардан 144 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін тағай­ын­дады. Бұл Израиль тари­хын­да премьер-министр істі бол­ған алғашқы оқиға болып отыр. *БРИКС-ке (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оң­түс­тік Африка Республикасы) мү­ше бес елдің үшеуі Аргентинаны осы блокқа қосылуға шақырған. Бұл туралы бұрнағы күні Буэ­нос-Айрестегі Үндістан елші­сі Амаренда Кхатуа жария етті. Бұған себеп, Аргентина бес­тік­тің әлеуетін арттырады деп күтетіндер бар секілді. *БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун кеше Оңтүстік Судандағы зорлық-зомбылыққа кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін «арнайы трибунал» құруды ұсынды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қайырылған Пан Ги Мун Бас ұйымның Оңтүстік Судандағы миссиясының баяндамасын жариялаған еді. Құжатта елде адамзатқа қарсы қылмыс жасалды деп ой түюге негіз болатын бұлтартпас айғақтар келтіріледі. *Испанияның Леоне қа­ла­сында жас әйел елдегі билеуші «Халықтық партия» өңірлік бөлімшесінің басшысы Изабель Кар­расконы атып өлтірген. Келіншек көлденең жұрттың көзінше Кар­раскоға бес оқ жұмсаса, үшеуі оның өліміне себеп болған. Кейін анықталғанындай, бір жыл бұ­рын ол қалалық кеңестегі жұмы­сынан босатылып жіберіліпті. Осылайша, Карраско кек қай­та­рудың құрбанына айналған. *2012 жылдың аяғында, Қытай компартиясының басшысы болып сайлана салысымен Си Цзиньпин өзінің ішкі сая­си бағыты басымдықтарының бірі жемқорлыққа қарсы күрес деп жариялаған еді. Енді Қытай төра­ғасының жемқорлыққа қар­сы науқанының тым қатты кет­кені байқалады. Осының салдарынан елдің ІЖӨ-сі 1,5 пайызға қысқаруы ықтимал екен. Қытайдың бұған дейінгі басшылары да жемқорлықпен күреске баса назар аударған. Бірақ, оның көпшілігі, байқаушылардың бағалауынша, тек қағаз жүзінде қалған көрінеді. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.