Спорт • 08 Қыркүйек, 2022

Эвенепул есе жіберетін емес

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір күндік демалыстан соң «Вуэльта» көпкүндігі қайта жалғасты. 16-кезең­дегі сайыс Санлукар-де-Барра­меда мен Томарес арасындағы жазық далада өтті.

Эвенепул есе жіберетін емес

189,4 шақырымдық бәсекеде Мадс Педер­сенге тең келер ешкім табылмады. АҚШ-тың Trek-Segafredo клубы сапындағы дания­лық велошабандоз сол қашықтықты 4 сағат 45 минут 29 секундта жүріп өтті. Одан кейінгі орындарды БАӘ-нің UAE Team Emirates командасының намысын қорғайтын германиялық Паскаль Аккерман мен неміс­тердің BORA-hansgrohe ұжымының үздігі, нидерландтық Данни Ван Поппель олжа­лады. «Астаналықтар» арасынан ең тәуір көрсеткішке Самуэле Баттистелла қол жеткізді. Италиялық легионер мәре сызығын алтыншы болып қиып өтті.

Жалпы есепте жағдай өзгерген жоқ. Қазақ­стандық команданың серкесі Мигель Анхель Лопес бұрынғысынша алтыншы сатыда тұр.