Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Алматыда жалға берілетін тұрғын үй қымбаттаған

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 25,8%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үй 18,1%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жалға берілетін тұрғын үй қымбаттаған

Бұл ретте бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жыл ішінде Ақтөбеде - 32,5%-ға, Нұр-Сұлтанда - 27,6%-ға, Қостанайда - 26,3%-ға өсті.

Тұрғын үйдің қайталама нарығында бағаның өсуі бойынша Қызылорда (48,4%), Нұр-Сұлтан (40,8%), Өскемен (39,9%) және Талдықорған (36,5%) қалалары алда болды, ал тұрғын үйді жалдау нарығында Алматы (62,5%) көш бастады.

Бір ай ішінде пәтерлерді қайта сату бағасы 0,4%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үйді сату 0,1%-ға төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда тамыз айында 12,4%-ға өсті.