Сыртқы істер министрлігі Румынияның Ресей Федерациясындағы уақытша сенімді өкілі Константин Ионитаны шақырып, оған тиісті нотаны тапсырғанын хабарлады.
«Бұл ісіміз Бухаресттегі Ресей елшілігінің дипломатын «персона нон грата» деп жариялау туралы румын тарапының негізсіз қабылдаған шешіміне жауап», деді министрлік.
Еске салсақ, 19 тамызда Румыния үкіметі Бухаресттегі Ресей елшілігі қызметкерлерінің бірін елден шығаратынын хабарлаған.