Спорт • 08 Қыркүйек, 2022

Роберт Левандовски чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски үш түрлі командамен чемпиондар лигасында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роберт Левандовски чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Поляк шабуылшысы аталған рекордты Чемпиондар лигасының 1-ші турында «Виктория Пльзен» командасымен болған кездесуде (5:1) орнатты. Ол матчтың 34, 48 және 67-минуттарында гол соғып, көзге түсті.

Бұған дейін Левандовски «Боруссия Дортмунд» сапында (бір рет) және «Бавария» жейдесінде (төрт рет) хет-трик жасаған еді. «Барселона» сапындағы алғашқы хет-тригін кәрі құрлықтың басты додасында тіркеді.

Сондай-ақ Р. Левандовски чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынға көтерілді. 89 гол соққан Роберт «Реалдың» шабуылшысы Карим Бенземаны (86) басып озды.

Бұл тізімдегі екінші орында ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси (125 гол) тұр. Ал рекорд «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду (140 гол) еншісінде.

 

Ғылымнұр КӘДІРБАЙ