14 Мамыр, 2014

Хоккей. Әлем чемпионаты. Төртінші тур басталды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-05-14-hokkey-rusia-kazakhstan-2010-1

АСТАНА. 14 мамыр. Бүгін Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионаты төртінші турының ойындарына кезек берілді. Бұл туралы Чемпионат.Ру хабарлады. Алдымен 12 мамыр күні түнде аяқталған соңғы екі матч туралы мәлімет бере кетейік. Оларда Канада Чехияны 4:3 етіп ұтса, Ресей АҚШ-ты 6:1 есебімен талқандап шықты. Ал 13 мамыр күні 3 турдың соңғы 4 ойыны ойналды. Олар мынада нәтижелер әкелді: Италия – Дания 1:4, Германия – Финляндия 0:4, Норвегия – Швеция 1:2, Қазақстан – Латвия 4:5. Қазақстан құрамасының Латвиямен ойыны аса тартысты өтті. Бірінші кезеңде біздің команда 2:1 есебімен алға шықты. Бізден шайбаларды Жайлауов пен Рымарев салса, латыштардан Индрашис ерледі. Ал екінші кезеңде Латвия хоккейшілері басым болды – 3:2. Сонымен, жалпы есеп 4:4-ке жетті. Латыштар өздерінің үш шайбасын алдымен салды (Кулда – 2, Редлих – 1). Соңынан Антропов пен Блохин екі шайбаның қарымтасын қайтарды. Бәрін үшінші кезеңнің басында Шталс салған гол шешіп кетті. Бүгін чемпионатта төртінші турдың ойындары басталды. Әзірге екі ойынның нәтижесі белгілі. Чехтар итальяндарды 2:0 етіп жеңсе, Швейцария Германиядан 3:2 есебімен басым түсті. Ал түнде Словакия – Норвегия, Ресей – Қазақстан арасында өтеді. Ертең 4 турдың қалған ойындары Канада – Дания, АҚШ – Латвия, Швеция – Франция, Финляндия – Беларусь арасында ойналады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Чемпионат.Ру.