Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2022

«Қазқұтқару» жаттығуы басталды

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысының «Там­­ғалы-Тас» шатқа­лын­да орналасқан «Жар­­тасты қала – Аста­на» оқу-жаттығу поли­го­­­нын­да Төтенше жағ­дайлар министрлігінің ұйыт­қы болуымен «Қаз­құтқару-2022» кешенді тактикалық оқу-жат­тығудың салтанатты ашылуы өтті.

«Қазқұтқару» жаттығуы басталды

Кешенді тактикалық оқу-жаттығулар іздестіру және ава­риялық-құтқару жұмыс­тарын жүргізу дағдыларын жетілдіру, авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, жарысқа қаты­сушылардың кәсіби даяр­лы­ғын жетілдіру және дене даяр­лығын тексеру мақсатында өткі­зіледі.

Жарыс «Техногенді апаттар жағдайын­дағы іздестіру-құтқару жұмыс­тары», «Ак­ваториядағы іздестіру-құтқару жұмыс­тары», «Табиғи орта жағдайындағы із­дес­тіру-құтқару жұмыстары», «Ор­таша қи­ы­­лысқан жерлер бойынша командалық эстафета» және «Белтемірдегі кешенді күштік жаттығу» 5 дистанцияларынан өтуді қамтиды.

Төтенше жағдайларды жою депар­­таментінің бас­шы­сы Қахар­­ман Оразалиннің басшы­лығымен өткен жарыстың салтанатты ашы­­луына Алматы облысы әкімі, құт­қару бөлімшелері, сон­дай-ақ министрліктің азамат­тық қор­ғаныс әскери бөлімде­рінің әскери қызметші-құтқару­шы­ла­ры­ның командалары қа­тысты.

Жарыстың бірінші күні қа­тысушылар «Ойлы-қырлы жерлер бойынша командалық эстафета» құтқару көпсайысы бойынша қашықтықтардан өтті. ТЖМ же­дел-құтқару жасақтары арасында құтқарушылардың үздік командаларын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы тө­тенше жағдай­ларға тән кедер­гілері бар қа­шықтықтарды өту барысында үздік шыққан аза­маттық қорғаныс әскери бөлім­дерінің әскери қызметші-құт­қарушылар командаларын көп­сайыс бойынша жарыстардың бас төрешілер алқасы анықтайды.

Сондай-ақ Халықаралық аза­мат­тық қорғаныс ұйымы­ның қолдауы­мен Қыр­ғыз Рес­­­пуб­­ликасы, Тәжік­­стан Рес­пуб­­ли­ка­сы, Ресей Федера­циясы және Өз­бекстан Респуб­ликасы төтен­ше ведомстволарының киноло­гия­лық қызметтері үшін шеберлік тре­нинг өткізіледі.

Бұдан басқа, төтенше жағ­дай­ларды жою аумақтық бас­қар­малары мен бөлімдерінің бас­шылары арасында оқу-әдіс­темелік семинар өткізу жоспар­лан­ған. Жарыс қорытындысы 17 қыр­күйекте шығарылады.