Спорт • 09 Қыркүйек, 2022

Лопес бесінші орынға көтерілді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Вуэльта» көпкүндігінің 17 кезеңі Ара­сена қаласынан бастау алып, Монес­териода өз мәресіне жетті. Сол екі ара­лық 162,3 шақырымдық қашық­тық­ты құрады.

Лопес бесінші орынға көтерілді

Бұл бәсекеде АҚШ-тың EF Education-EasyPost клубының сапындағы 35 жастағы колумбиялық велошабандоз Ригоберто Уран алдына жан салмады. Оның уақыты – 3 сағат 42 минут 28 секунд. Groupama-FDJ ұжымының үздігі Квентин Пачер екінші орын алса, Cofidis командасының мүшесі, испаниялық Хесус Эррада үшінші сатыға табан тіреді. Бұл клубтардың екеуінің де іргетасы Францияда қаланған.

Жалпы есепте біраз өзгеріс бар. Атағы алыс­қа жайылған Примож Роглич (Jumbo-Visma) үздік үштіктің қатарынан шығып қалды. Сло­вения спортшысының орны Испанияның өкілі Хуан Аюсаға (UAE Team Emirates) бұйырды. Пиреней түбегінің тағы бір өкілі Энрик Мас (Movistar Team) екінші сатыға жайғасты. Ал көш басындағы бельгиялық Ремко Эвенепул (Quick-Step Alpha Vinyl Team) әлі де ешкімге есе жі­берер емес. «Астананың» серкесі Мигель Анхель Лопес тағы бір сатыға жоғарылап, бесін­ші орынды иеленді.