Спорт • 09 Қыркүйек, 2022

Ел кубогы басталды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ақтауда футзалдан Қазақ­стан кубогы өтіп жатыр. «А» және «В» то­бын­дағы алғашқы ойындар «Халық Аре­­наға» жиналған көрермендердің көңілінен шықты.

Ел кубогы басталды

«Рахмет» пен «Астана» арасындағы бәсеке­де алғашқы екі голды Артем Аншаков пен Ахмет Борханов соғып, елордалықтарды алға шығар­ған еді. Алайда дамылсыз шабуылдаған ақтөбеліктер үзіліске дейін таразы басын теңес­тірсе, екінші кезеңде нысананы тағы екі рет дәл көздеді. Оған «Астана» бір голмен ғана жауап қайтара алды. Есеп – 4:3. Бұл матчта Әлі­шер Сәр­сенбаев екі рет мергендік танытты. Руд­ный­дың «Аяты» Оралдың «Бәйтерегін» ұтты – 3:2.

Алматының «Қайраты» жергілікті «Кас­пийдің» тас-талқанын шығарды – 9:0. Бәсеке барысында Фернандиньо покер авторы атанса, Альберт Ақбалықов екі мәрте допты торда тулатты. Рафаэл Вилела, Дәурен Тұрсағұлов және Дуглас қарсы жақ қақпашысын бір-бір рет­тен мазалады. Ал «Ақтөбе» «Атыраудан» 4:1 есебімен айласын асырды.