Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық полицейлер есірткі сатумен айналысқан 21 жастағы Рудный қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Ұсталған азаматтан 48 600 теңге көлеміндегі ақша мен есірткіні қолданатын түтік тәркіленді. Сол күні күдіктінің жалдамалы пәтерінде тінту барысында сұр түсті ұнтақ заты бар 89 пакет пен оның атына жазылған 5 банк картасы табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 70 грамды құрайтын «мефедрон» есірткі заты болып шықты.

Есірткі сатушы ұсталып, Жітіқара қаласы мен Жітіқара ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.