Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысында заңсыз бұлан аулаған тұрғын ұсталды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңсыз бұлан атқан күдіктіні полицейлер Железин ауданының тас жолында ұстады. Одан бұланның еті, басы, мүйізі және патрондары бар екі мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында заңсыз бұлан аулаған тұрғын ұсталды

«Заңсыз тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Железин ПБ учаскелік инспекторларымен Лесное-Кузьмино тас жолында, Раздельное ауылының маңында патрульдеу барысында тұрғынның «ВАЗ 2113» маркалы автокөлігі анықталды. Көліктің багаж бөлігін тексерген кезде бұлан мүйіздері, басы мен еті тәркіленді», деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары ИЖ-13, ИЖ-27 Е маркалы қос ауызды аңшы мылтықтары мен патрондарын тәркіледі. 

«Сонымен қатар, ауыл тұрғынының жануардың бұл түрін аулауға рұқсаты болмаған. Заңсыз аңшылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Құқық қорғау органдары сараптама тағайындады. Көлік мамандандырылған уақытша ұстау изоляторына қойылды.