Тәртіп сақшылары 850 түп өсіп тұрған, 20 түп шабылған өсімдік және 5 пластмасс ыдыстағы марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіледі.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қызылорда облысының екі тұрғынын анықтады, олардың біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды», деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеліп, заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілген. Зерттеу қорытындысы бойынша 15 келіден астам кептірілген марихуана екендігі анықталды.