Елорда • 11 Қыркүйек, 2022

Отбасы күні қарсаңында «Бәйтеректің» басында салтанатты неке қию рәсімі өтті

762 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орай қаланың жас жұптары мен гауһар тойларын атап өтетіндер үшін салтанатты неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отбасы күні қарсаңында «Бәйтеректің» басында салтанатты неке қию рәсімі өтті

Жас жұбайларға «Бәйтерек» монументінің басында Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы, Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенова, елорданың әйелдер күштері Альянсының төрағасы Назгүл Мақжан неке куәлігін табыс етті. 
Жас жұбайлар арасында елордалық мектептердің бірінің мұғалімдері Батырбек Ақан мен Мәдина Қабденова да бар. 

ф

«Біз №78 мектеп-гимназияда оқытушы болып жұмыс істейміз. Сол жерде таныстық. Отбасын құруға шешім қабылдағанға дейін бір жыл кездесіп жүрдік. Бізге неке туралы куәлік осындай салтанатты жағдайда берілгеніне өте қуаныштымыз. Бұл күн Отбасы күнімен сәйкес келуі кездейсоқ емес. Біз ата-анамыз сияқты бақытты жұп боламыз деп ойлаймыз. Отбасының құндылығы — екі адамның бір-біріне құрметі деп санаймыз», дейді жас жұбайлар. 

Өтен Ахмет пен Райхан Тілегенова гауһар тойларын атап өтіп жатқан отбасылық жұп. Бірнеше жыл бойы отағасы журналистика саласында түрлі қызметтер атқарды, ал жұбайы кітапханашы болып жұмыс істеді. 

ф

«Біз жұбайымызбен 1961 жылы 31 желтоқсанда Алматыда жаңа жыл кешінде таныстық. Бір жылдан кейін үйленді. Содан бері біз біргеміз. Биыл біздің отбасымызға 60 жыл толады. Менің ойымша, отбасылық бақыттың құпиясы-өзара түсіністік пен қолдау. Себебі өмір жолы әрдайым тегіс бола бермейді. Махаббат пен құрмет қатар жүруі керек. Сондай-ақ біз отбасылық құндылықтарды жоғары бағалаймыз. Бізде екі бала, 6 немере және үш шөбере бар. Біз оларға отбасылық үйлесімділіктің үлгісін көрсеттік», деді елорда тұрғыны Райхан Тілегенова.