«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді болашақ жастардың қолында екенін, оларға жасаған тәрбиелік және қаржылық инвестицияның бекерге кетпейтінін ата-бабамыз біліп айтса керек. Олай болса, бүгінгі жаңа реформа − оның жарқын дәлелі іспеттес. Балаларға жағдай жасау, оларға көмек қолын созу, қолдау – үлкендердің міндеті, парызы. Жастайынан қолдау көріп өскен баланың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, болашақта еліне жанашыр, қамқор болатыны сөзсіз. Бұл реформа − Жаңа Қазақстанды құрудағы алғышарттардың бірі. Ел Президентінің бұл көрегенділігі қолдауға тұрарлық, құптарлық іс. Мұндай істерде Жаңа Қазақстандағы жұрт жағдайын жақсартатын жақсы реформалардың орындалуы мен жүзеге асуы қадағалануға тиіс.
Әділетті Қазақстанды қалыптастыру балаларға жағдай жасау мүмкіндіктерін заңдық тұрғыдан негіздеумен де ерекшеленсе деген ұсынысымыз бар. Ендеше осындай игі істерге ұйытқы болып отырған Президентіміздің жаңа бастамаларын қолдай отырып, әрі қарай да жаңа реформалар күтетінімізді айтқымыз келеді.
Еңлік ҚАСАБЕКОВА,
Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының ғылыми қызметкері