Спорт • 12 Қыркүйек, 2022

Жарыстар күнделігі

191 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Испанияның Се­ви­лья қаласында жалауы желбіреген ха­лық­аралық турнирдің ширек финалында қа­зақстандық тен­нис­ші Тимофей Ска­тов Ежи Яновичтен айласын асырды.

Жарыстар күнделігі

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған сайыс 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл – Скатовтың спорттық карьерасындағы ең елеулі жеңіс. Олай деуге негіз, 31 жастағы Поль­шаның өкілі кезінде Уимблдон турнирінің жартылай финалында ойнап, Хопман кубогын жеңіп алған. Дәл осындай деңгейдегі ойыншымен Тимо­фей бұрын-соңды кездеспеген еді. Бір­ақ жартылай финал­да жерлесіміздің жолы болмады. АТР рейтингінде 79-орында тұрған испаниялық Бернабе Сапата Ми­рал­леспен күш сы­нас­қан ол 2:6, 1:6 есе­бімен жеңіліс тапты.

Латвияның аста­на­сы Ригада мә­нер­­леп сыр­ға­нау­дан жас­өспірімдердің Гран-при турнирі өт­ті.

р

Қысқа бағдар­ла­мада Рахат Бралин төртінші орынды ие­ленгенде, ер­тең жер­лесіміз жүлделі орын­дардың бірін иеленіп қалуы ықтимал деген үміт пайда болды. Себебі қазақстандық спортшы үшінші сатыға табан тіреген жапониялық Рио Накатамен бірдей ұпай жиды – 68,66. Екінші орынды олжалаған Күншығыс елінің тағы бір өкілі Цудой Суто да (69,64 ұпай) алысқа ұзай қойған жоқ еді. Ал италиялық Николай Мемола (83,04) жеке-дара көш бастады. Айтқандай-ақ, шешуші тұста Рахат өрелі өнерімен көзге түсіп, 130.72 ұпай олжалады. Нәтижесінде, отандасымыз қола ме­даль иеленді. Ал бірінші және екінші орындарды Мемола мен Наката олжалады.

Швейцарияның Цюрих қаласында же­ңіл атлетикадан «Гау­һар лигасының» фи­нал­дық сайысы аяқ­тал­ды.

р

Бұл жарыста На­деж­­да Дубовиц­кая­ның жеңіс тұғырына көте­рілуіне жақсы мүм­кін­дігі болды. Қазақстандық сырықпен секіруші 1 метр 91 сантиметрлік межені бағындырып, төр­тінші орынды қанағат тұтты. Бас жүлде украи­налық Ярослава Могучихке бұйырды. Оның көрсеткіші – 2 метр 03 сантиметр. Ал Қазақстан құ­рамасы сапында өнер көрсетіп жүрген кениялық легионер Дейзи Джепкемей 3000 метрлік қа­шық­­тық­қа жүгіруде 10-орын­ды қанағат тұтты.

Қазақтың қос кәсіпқой боксшысы Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет 1 қа­­занда АҚШ-тың Ком­­мерс қаласында өте­тін жарыста күш сы­­насады.

р

Бұл жігіт­тердің екеуі де әуес­қойлар ара­сында біраз белес­терді ба­ғындырды. Нұрлан Ақүр­­пековтің қол астында жаттыққан Әбілханның әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс және құрлық біріншілігінің қола жүлдегері деген атағы бар. Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қанда­сы­мыздың бұл кәсіпқой рингтегі екінші кездесуі болмақ. Алғашқысын Аманқұл өз пайдасынан шешті. Кезінде Азия чемпионы атанған жар­тылай ауыр салмақтағы Бек бұған дейінгі жеті жекпе-жектің барлығын да айқын жеңіспен аяқтады.

р