Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022

Алматыда жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Полиция департаментіне сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр

Полиция департаментінің өкілдері сауда орталығының келушілері мен персоналын эвакуациялау жүргізілгенін атап өтті.

«Саперлер мен басқа бөлімшелердің қызметкерлері ғимаратты қарап шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ, ақпарат жалған болып шықты», делінген Polisia.kz хабарламасында. 

Қазіргі уақытта полицияның жедел қызметтері жалған хабар таратқан анонимнің жеке басын анықтаумен айналысып жатыр.