Заманымыздың мынадай мың құбылған алмағайып кезеңінде адамды адам етіп қалдыратын, ізгілікке ұмытылдырып, жақсы істердің бастамашысы ететін – ол, әрине, жүректегі сезім мен тазалыққа, сұлулыққа деген құштарлық һәм соны өмір мәніне айналдырсам деген ұлы мақсат мұраты болса керек. Елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында суретші, галерист, педагог, қоғам қайраткері Ләйлә Махаттың жетекшілігімен ұйымдастырылып жатқан керемет көрме дәл осы ойымыздың айғағындай.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Өнер тілі арқылы өмір мәнін ұғындырып, соның ішінде, әсіресе қазақ халқының дүниетанымы мен рухани бай тіршілігінен сыр шертетін көрменің басты ту етер темірқазығы да – жер бетіндегі күллі адамзаттың ғұмырлық асыл арманы – тұрақтылық пен бейбіт өмір һәм өткен мен бүгінгіміз арасындағы алтын тінді үзіп алмай кейінгі ұрпаққа жеткізу, құндылықтар қадіріне жаһандану заманы биігінен көз тігу тілегімен астасады.
Айтулы іс-шараға санаулы-ақ күн қалды. Сондықтан да Ләйлә Махат пен оның командасының жұмысы қауырт. Айналасына асықпай көз тігіп, қасына келген адаммен емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға да уақыты жоқ. Соған қарамастан, редакциядан арнайылап келген біздің тілегімізді орындап, түрлі-түсті бояу мен сан алуан көркемөнер құралдары ортасындағы қарбалас та қауырт дайындық жұмыстарын сәл тежей тұрып, алдағы өтер мазмұнды жоба турасында айтып берді.
– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай ұйымдастырылып жатқан бұл көрме негізінен бес бөлімнен тұрады және олар тақырыптық және мазмұндық тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысты. Айтулы көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат – қазақ халқының рухани мұрасы мен әлемнің қаншалықты бай әрі терең екендігін жер-жаһанның түкпір-түкпірінен жиналған съезд делегаттарына көркемөнер тілінде көрсету. Сол арқылы әлем халқын ұлы дала дәстүріне, таным мен табиғатына терең үңілту, – деп атап өтті жоба жетекшісі Ләйлә Болатқызы.
Өнер иесінің айтуынша, көрменің әр бөліміне таңдалып алынған тақырып пен ауқымды жоба аясында төл жұмысы ұсынылған шығармашылық иелерінің қолтаңбасы көркемөнерді шын ұғынып, түсіне алатын кез келген адам үшін қызықты боларына сенімді. Сондай-ақ олардың әрбір жұмысы, шынайылығымен, эксклюзивтілігімен құнды.
– Көрме құндылығына айналып отырған заттардың барлығы осыдан бірнеше жүзжылдық бұрын өмір сүрген біздің ата-бабаларымызға тиесілі. Олардың тамаша тұрмысы мен рухани бай, мазмұнды әрі ерекше мәдени өмірінен сыр шертеді. Ешқайсысы ойдан шығарылмаған. Ал сол атмосфераны шынайы жеткізген авторларымыздың таланты тіптен ерек, таңдана тамашалауға әбден лайық. Мәселен, «Дала қазынасы» атты алғашқы бөлімге топтастырылған тарбағатайлық Сержан Бәшіровтің еңбегі бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін тереңнен сезініп, соны шынайы да тұщымды әрі қызықты етіп беруімен құнды. «Дала аңыздары» атты келесі бөлімге топтастырылған шымкенттік суретші Батухан Байменнің қолтаңбасындағы жұмыстар өзінің ұшқыр қиял қуатымен дараланады. Өнертанушы әрі суретші ретінде маған Батуханның жұмыстары өте ұнайды, шеберлігін кәсіби тұрғыдан жоғары бағалаймын. Осы жобаға да талантты суретшіні арнайы шақырдық. Авторларымыздың үздік жұмыстары көрмеге келген өнер бағалаушыларының көңілінен шығады деп үміттенеміз, деген жоба ұйымдастырушысы көрменің өзіндік ерекшеліктеріне де тоқталуды ұмытпады.
– Бұл жобаның ерекшелігі сол – үйлестіру жұмыстарына айрықша мән бердік. Әдеттегі деректерді қаз-қатар тізілген қақиған әдіспен беру тәсілінен барынша қаштық. Көрмеде барлығы еркін, кәдімгі өмірдің өзіндей шынайы үйлестірілді. Яғни әр зат кәдімгі тіршілік тәртібі үлгісінде ұйымдастырылып, көрушісін көне дәуірдің өмір салтына, тыныс-тіршілігіне етене енгізіп жібереді. Көрмеге келгендер бейне бір бабалар өмір сүрген дәуірге топ ете қалғандай ерекше әсерге бөленеді. Сол үшін жіті де ыждаһатты түрде көп жұмыс атқарылды. Еңбегімізді халық өз деңгейінде бағалайды деп сенеміз, – деді Ләйлә Махат.
Суретші атап өткен бес бөлімді көрме «Дала қазынасы», «Дала аңыздары», «Патшалар алқабы», «Балбал тастар» және «Өмір ағашы» тақырыптарында тыңғылықты зерттеле отырып, тұшымды деректер ұсынуға күш салған. Мәселен, Сержан Бәшіров жұмыстары ұсынылған «Дала қазынасы» бөлімінде суретші ежелгі кілемдердің тарихына, сандықтардың құпияларына, көне қару-жарақ аңыздарына толы әлемді әсерлі бедерлейді. Бәшіров өз туындыларын күмістен, мыстан, қоладан, ағаштан, сүйектен және тастан жасайды. Сиқырлы процестің әрбір компонентінің құпия мағынасы бар: тас – қорғайды, күміс – кеңістікті тазартады, сүйек – уақыт желісін байланыстырады, мыс – жердің қуатын жеткізеді, қола – уақыт құпияларын ашады. Аталған заттарды қолданған адамдар қандай болды? Олар қалай өмір сүрді? Кімді жақсы көрді? Міне, осы сауалдарға суретші «Дала қазынасы» бөлімінде толық әрі жан-жақты жауап береді. Сол сияқты өзге бөлімдерге топтастырылған көркемөнер мамандары да өз жұмыстары арқылы адамзат әлемінің құпия сырларына жауап береді және оны өнердің өз тілінде сәтті сараптайды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуына орай рухани әрі танымдық көрме үлгісінде жасалып жатқан бұл жарқын жоба шын мәнінде қатысушылар үшін тамаша тосын сый болмақ. Көрменің негізгі төрт бөлімі Бейбітшілік және келісім сарайында салтанат құрса, «Өмір ағашы» аталатын соңғы бөлімі Тәуелсіздік сарайының төрін сәнге бөлейді.
– «Өмір ағашы» аталатын бөлімді алдағы өтетін съездің символдық негізі десек те болады. Өйткені ағаш – біздің тамырымыз, тегіміз, яғни өткеніміз, бүгініміз және келешегіміз. Сол арқылы ғасырдан ғасырға жалғасып, бірнеше мыңжылдыққа ұласқан адамзат тарихының түбін ортақ бір түбірден тарқатамыз. Бүгінде әлем халқы түрлі ұлт пен ұлысқа бөлініп өз алдына дербес мемлекет құрғанымен, күллі адамзаттың түбі – бір, мұраты – ортақ. Ол – ізгілік, иман және бейбіт өмір. Демек жаңа ғасыр, өрісті өркениет, жаһандану жетістіктері кеңістігінде өмір сүріп жатқан барша адамзаттың мұраты біреу-ақ болуы керек, ол – адамның адам болып қалуы. Біз ұсынған «Өмір ағашы» инсталляциясында негізінен осы бір күллі адамзатқа ортақ ой бейнеленді, – деп түйіндеді сөзін жоба жетекшісі.
14 қыркүйекте ашылуы жоспарланған көрменің есігі бір ай бойы ашық болады. Келемін, қазақтың бай рухани мұрасымен танысымын, адамзат құндылықтарына бойлаймын деген кез келген адам үшін рухани мәні терең мазмұнды көрме сыр ашуға дайын.
Президент Байзақ ауданында жаңадан ашылған мектепке барды
Президент • Бүгін, 17:00
Михаил Мишустин «ЕАЭО-дағы жұмыс» жобасын қолдады
Қазақстан • Бүгін, 16:55
Премьер-министр трансшекаралық электронды құжат айналымын дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 16:53
Армян сегментінде «ЕАЭО-дағы жұмыс» қосымшасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 16:48
Ақмолада қаржы жымқырған полицейлер сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:19
Астана тұрғындарын тегін дәрімен қамту үшін қанша қаражат бөлінген?
Медицина • Бүгін, 16:17
Мемлекет басшысы Тараздағы Студенттер үйіне барды
Президент • Бүгін, 16:05
Өңірлерде көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Отандық өндірушілер «Жайлы мектеп» жобасына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 15:53
Respublica партиясының кезектен тыс I съезі өтеді
Саясат • Бүгін, 15:48
Пәкістанда жол апатынан 18 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:30
Жаркент маңында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:15
Президент Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті
Президент • Бүгін, 15:09
Президент Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 15:07
Франция билігі миграциялық заңдарды қайта қарайды
Әлем • Бүгін, 15:06
Роман Головченко ЕАЭО үшін жабдықталған қауіпсіз желі құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Бейрутта суда жүзіп жүретін кітап жәрмеңкесі өтті
Әлем • Бүгін, 14:49
Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды
Қазақстан • Бүгін, 14:35
Сейсмикаға төзімді құрылыс бағытында бірыңғай нормалар әзірленеді
Қазақстан • Бүгін, 14:23
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:00
ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіру ұсынылды
Қазақстан • Бүгін, 13:54
АМӨЗ-дегі ақау: Зауыт бас директорының орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:38
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Әлихан Смайылов радиожиілік спектрін синхрондауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 13:00
ҚХЛ: «Барыс» «Динамомен» матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 12:51
ЕАЭО елдерінің Премьер–министрлері форумға келді
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:12
Ақтөбеде шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Көкшетау тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Президент Жамбыл облысына барды
Қазақстан • Бүгін, 11:43
Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:31
Сарбаздар Түркістандағы су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 11:11
Екібастұзда алғашқы көліктер заңдастырылды
Қоғам • Бүгін, 11:02
Үстел теннисінен жаттықтырушылар шәкіртақы алады
Қаржы • Бүгін, 10:57
Астана шетелден инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Алматы облысында бірқатар жол уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Түркістан облысындағы ахуал: 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:03
Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын
Қазақстан • Бүгін, 09:42
Ресей премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты
Саясат • Бүгін, 09:31
Ұқсас жаңалықтар