Спорт • 13 Қыркүйек, 2022

Жарыс кестесі жарияланды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылдың көктемінде шайбалы хоккейден Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында жалауы желбірейтін әлем чемпионатының кестесі жарияланды.

Жарыс кестесі жарияланды

В тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы тұсаукесер кездесуін 13 мамырда Норвегиямен өткізеді. Келесі күні Чехиямен шеберлік байқасамыз. Одан кейін 15 мамырда Швейцариямен, 17 мамырда Канадамен, 19 мамырда Словакиямен, 20 мамырда Латвиямен және 22 мамырда Словениямен күш сынасамыз. Ал А тобында Аустрия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Мажарстан, Швеция және АҚШ хоккейшілері жарыс көрігін қыздырады. Топтық турнир аяқталған соң плей-офф сайыстары басталып, 28 мамыр күні жеңімпаздар мен жүлде­герлер толықтай анықталады. Шешуші бәсекелер Суоми елінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, келесі жылғы әлем чемпионаты Санкт-Петербург қаласында өтуге тиіс еді. Алайда Ресей мен Украина арасын­дағы әскери іс-қимылдарға байланысты Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) аталған жарысты Латвия мен Финляндияда ұйымдастыруды жөн көрді.