Ауа райы • 13 Қыркүйек, 2022

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында циклондық белсенділіктің және атмосфералық фронттардың үстемдігі сақталады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, батыста найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, таулы аймақтарда күн күркірейді. Шығыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ елімізде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді, күндіз батыста шаңды дауыл соғады деп күтілуде.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жалғасады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүреді.

Түнде Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Шығыстың шығысында  1-3 градус үсік жүреді.