Әлем • 13 Қыркүйек, 2022

Әзербайжан-Армения шекарасында 49 адам қаза тапты

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения премьер-министрі Никол Пашинян армян-әзербайжан шекарасындағы қақтығыс кезінде армян тарапынан 49 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Еревандағы Парламенттің шұғыл отырысында хабарлады, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан-Армения шекарасында 49 адам қаза тапты

Армения премьер-министрінің айтуынша, қақтығыс қарқыны бәсеңдеген, бірақ шабуыл әлі де жасалып жатыр. 

Ол парламентарийлерге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен Брюссельде өткен келіссөзде туындаған келіспеушіліктер жайында айтып берді.

Сондай-ақ Пашинян 2020 жылдың наурызында Баку тарапы бес шартты қамтыған бейбіт келісім ұсынғанын еске салды. Осыдан кейін армян тарапы да өз шарттарын алға тартқан.

«Брюссельдегі кездесу кезінде Әзербайжан бейбіт келіссөздер жүргізуден және біз ұсынған мәселелерді талқылаудан бас тартқаны белгілі болды. Шын мәнінде, Баку Қарабақ мәселесін талқылағысы келмеді», деді премьер-министр.

Айта кетсек, 13 қыркүйекке қараған түні Әзербайжан мен Армения шекарасында қарулы қақтығыс болды. Осыған байланысты Никол Пашинян ҰҚШҰ-ға жүгінуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50